Мектебімізде 4-сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасуына арналған «Қош бол, бастауыш!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындап, алғашқы ұстаздарынан тәлім алған бүлдіршіндер үшін бұл күн – ерекше әрі толқынысқа толы сәт. Мерекелік шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Оқушылар өздерінің бастауыштағы қызықты сәттерін еске алып, алғашқы ұстаздарына алғыстарын білдірді. Ұстаздар мен ата-аналар да жас түлектерге ақ тілектерін арнап, білім жолында биіктерден көрінулеріне тілектестік білдірді.

Қош бол, бастауыш! Армандарың асқақ, қадамдарың нық болсын, жас түлектер! Ақ жол сендерге! 🌸📚

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *