Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен берекенің, татулық пен ізгіліктің бастауы. Мерекелік шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, халқымыздың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Ұстаздар мен оқушылар Ұлыстың ұлы күнін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, бір-біріне ақ тілектерін білдірді.

Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық әкелсін! 🌸

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *