8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде аяулы ұстаздарымызды, ардақты аналарымызды және сүйкімді аруларымызды құттықтауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Көктемнің алғашқы мерекесіне орай оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, жүрекжарды тілектерін арнады. Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйге, әсем ән мен әдемі тілекке толы болды. Барша әйелдер қауымына зор денсаулық, отбасылық бақыт, шаттық пен көктемдей көңіл күй тілейміз! 🌸



